Перейти к содержимому
СРОЧНО

Мұз жарылып, 9 жастағы бала суға түсіп кетті

Мұз жарылып, 9 жастағы бала суға түсіп кетті. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жеткіншекті бір ажалдан арашалап қалды. Оқыс жайт Алтай қаласында болды. Оқушы батпақты аумақта жүргенде мұз ойылып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер баланы судан алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қатты тоңып қалған жеткіншектің жағдайы қазір бірқалыпты. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, әлі қалыңдай қоймаған мұз үстіне шығу аса қауіпті екенін ескертеді.

← Все новости