Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Қыздарды қорғап, ауруханаға түсті

Қыздарға араша түсемін деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Қызылордада екі бойжеткенге болысып, олардың мазасын алған масты тоқтатқан 18 жастағы бозбала пышақ жарақатын алды. Оқиға қас қарайған кезде «Құлагер» шағын ауданында болды. Удай мас ер адамның ерсі қылығын маңайдағы жұрттың бәрі көргенімен, ешқайсының қаскүнемге қарсы тұруға батылы жетпепті. Тек көптің ішінен медицина колледжінің 4-курс студенті Нұралла Өтеп қана көмекке ұмтылған. Сол сәтте 42 жастағы ер адам қалтасынан пышағын суырып алып, оның өкпесі мен кеуде тұсынан бір-екі рет ұрған. Қансыраған студентті жедел жәрдем ауруханаға жеткізіп, ол екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, тек бүгін ғана палатаға ауыстырылды.

НҰРЛАН ДАЛДАБАЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘКЕСІ:

Балаға бұрылған қыздарды қоя салып, «жүрсей, раз на раз шығайық екеуміз» деген. Сосын балам айтқан, «аға, сенің жасың үлкен, мен үлкен адамға қол көтермеймін, сіз қайтып кетсеңізші» деп. «Жүр, жүр» деп бұрышқа апарған. Иығынан қағып, «ағажан, үйіңе қайтсайшы» деп тұрғанымда мына жерден ұрды дейді. Пышақпен екі жерден ұрған. Қан кетіп қалған біраз, қанша адам тұр енді қарап білмеймін.

Ал суық қаруды оңды-солды сілтеген қаскөй содан соң түк болмағандай сыраханаға қайта кіріп кетіпті. Дегенмен, адамды шыбын құрлы көрмеген оны тәртіп сақшылары көп ұзамай ұстап алды.

БАУЫРЖАН ҚОПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдікті полиция қызметкерлерімен жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

← Все новости