Перейти к содержимому
СРОЧНО

Енді бейтаныс нөмірдің кім екенін біле аласыз

Бұдан былай «бейтаныс нөмірден кім қоңырау шалды?» деп бас қатырмайсыз. Телефон соққан ұйымды бірден білуге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты. Оның сөзінше, енді мұндай қоңыраулар арнайы таңбалаудан өтеді. Яғни оның қандай мекемеге тиесілі екені экраннан шығып тұрады.

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қоңырауларды таңбалау абонентке қай ұйымнан хабарласып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Мысалы, телефонға банк, дүкен немесе емхана қоңырау шалса, олардың атауы экранда көрінеді. SIM-картаны тіркеген кезде абонент биометриялық тексеруден өтуі керек. IMEI-код арқылы Қазақстанға заңсыз әкелінген және коды өзгертілген телефондарды анықтауға болады.

Сондай-ақ қазір алаяқтардан түскен қоңырауды анықтауға жасанды интеллект көмектесіп жатыр. Мәселен, бір жыл ішінде арам пиғылдағы 5 млн-нан астам абонент бұғатталған. Енді интернетке қол жеткізу және халықаралық IP-телефония қызметін ұсынатын операторлар арнайы лицензия алуға тиіс.

← Все новости