АҚТӨБЕ, АСТАНА
«Заң мен тәртіп» — Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным. Мемлекет басшысы бұл қағидатты әрбір маңызды жиында, барлық мінберде үнемі көтеріп келеді. Бүгінде ел тұрғындары да осы реформалардың оң нәтижесін сезініп отырғанын жасырмайды. Мәселен, әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, бейәдеп қылық көрсеткендер мен түн ішінде тыныштық бұзғандар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар көшелерде бейнебақылау камералары көбейіп, қоғамдық орындарда, әсіресе қыз-келіншектердің қауіпсіздігі арта түскен.
САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Менің ойымша, бейнекамералардың ең басты қазіргі көмегі жастарымызды тәрбиелеу, олардың көше мәдениетін сақтау, үйрету.
САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Қазір неше түрлі блогерлер бар стримде отыратын тиктокерлер бар біреуі әдепті сақтаса біреуі этикетке бағынбай жатады десем де болады және де осы орайда осы заңмен тәртіп қағидаты аясында неше түрлі дұрыс емес сөздері үшін балағат сөздері үшін де жауапкершілікке тартылып жатыр десем де болады.
САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Мысалы, мен өзім заведениеде официант болып жұмыс жасаймын. 11-ден соң қатты шулауға болмайды. Бізде шулап қалсаңыз бізге келіп тұрады полициялар штраф салып.
САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУШЫ:
Енді кез келген Қазақстан азаматы заңға бағынуға тиісті ғой. Ол жоғары орында істесін, қарапайым азамат болсын, заң бәріне бірдей.