Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Бір минутта 249 рет секірген

Аяғына тәпішке киіп, секіртпемен бір минутта 249 рет секірген жігіт әлемдік рекорд орнатты.

Индонезия тұрғыны Тиджи Прахьюди Муджоно осылайша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол секундына орта есеппен төрт реттен астам қарғыған. Бір қызығы, жаттығу барысында аяқ киімі бірде-бір рет шешіліп кетпеген.

Тиджи бұл жетістікке жету үшін ұзақ әрі тыңғылықты дайындалған екен. Айта кетейік, бұған дейінгі үздік көрсеткіш үндістандық азаматқа тиесілі болған. Ол дәл осы тәсілмен бір минутта 230 рет секірген еді.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости