Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін

Энергетикалық сусындарға толықтай тыйым салынуы мүмкін. Бұл мәселе Құрылтай төрінде көтерілді. Депутат Мақсұт Насибулов Премьер-министрге сауал жолдап, елдің есін екеу, түсін төртеу қылған осы сусынды өндіруге, елге әкелуге және сатуға тоқтау салу мүмкіндігін зерделеуді ұсынды. Өйткені бізде оған құмар адамдар көбейіп барады екен. Сандарды сөйлетсек: үш жыл бұрын елде 215 миллион литр энергетик сатылса, былтыр бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жетіп, екі жылда сату көлемі 65 пайыз өскен. «Оның құрамындағы кофеин мен басқа да ынталандырушы компоненттер адам денсаулығына кері әсер етіп, әсіресе, жүрек-қантамыр ауруларын өршітіп отыр» деген депутат бірнеше мысал келтірді. Былтырдан бастап елімізде 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынса, биыл бұл өнімдерге акциз енгізілген. Алайда соңғы екі жылда сергіткіштің нарығы 93 миллион долларға жеткен.

МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Энергетикалық сусындар айналымын мемлекеттік заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, соның негізінде Қазақстанда бұл мәселені реттеудің жаңа заңнамалық шараларын, тіпті ел аумағында энергетикалық сусындарды өндіруге, әкелуге және өткізуге толық тыйым салуға дейінгі шараларды ұсынамыз. Ұлт денсаулығы энергетикалық сусындар өндірушілерінің табыс көзіне айналмауы тиіс.

Энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салуды «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі де қолдап отыр. Ондағылар тіпті арнайы петиция да жариялады.

← Все новости