Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Мектепке бетперде тағып келу керек пе?

Астанада оқушылар мен мұғалімдер мектепке бетперде тағып келуге міндеттелді деген ақпарат тарады.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен ата-аналар чатында «25 қараша мен 11 желтоқсан аралығында маска режимі енгізіледі» деген екіұшты ақпарат тараған еді.

Қалалық білім басқармасы бұл қауесетті жоққа шығарды. Мамандардың айтуынша, елордада сабақ қалыпты өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін бас қаладағы 159 білім ошағында 2 мыңға жуық бала тұмау жұқтырғаны айтылған еді.

← Все новости