Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 25 просмотров

Алып кешеннің құрылысы басталды

Ақтөбеде тағы бір үлкен спорт кешені салынып жатыр. Бес мың орындық нысан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтермек. Оны салуға инфрақұрылымды дамыту қорынан 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Заманауи спорт кешенінің әлеуеті зор болмақ. Аумағы 31 мың шаршы метрлік ғимарат заманауи жабдықтармен қамтылады. Әрі ол жерде спорттың бірнеше түрімен айналысуға жағдай жасалмақшы. Негізгі аренада облыстық деңгейден бастап халықаралық жарыстар ұйымдастырылмақ. Нысан 2028 жылдың ақпан айында пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

АСЛАН ЖАРАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрылыстың басында 50 адам болса, қарқын алғанда 200 адамға дейін жетеді. Жалпы ғимарат 4 қабаттан тұрады. Оның ішінде футзал, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлері, гимнастика, 50 метрлік әлемдік стандартқа сай жүзу бассейні болады.

← Все новости