Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 31 просмотр

Жұқа мұзға шыққандар жаза арқалайды

Енді қауіпсіздік талаптарын елемей, жұқа мұздың үстіне шығып балық аулайтындар айыппұл арқалайды.

Төтенше жағдайлар департаменті осындай ескерту жасады. Құзырлы орган өкілдері қазірдің өзінде су айдындарының маңына 270 арнайы белгі орнатып, 152 бейнебақылау камерасын іске қосқан.

Мамандардың айтуынша, қауіпсіз болу үшін мұздың қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болуы керек. Ал қысқы балық аулауға шыққандар құтқару құралдарын алып жүруге міндетті.

Талапқа бағынбайтындарға 27 524 теңге айыппұл салынады. Құтқарушылар тұрғындарды жұқа мұзға шықпауға және балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

← Все новости