Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 30 просмотров

Ақшадан қиналғандарды дропперлікке тартқан

Алматыда қаржыдан тарыққандарды пайдаланып келген топ ұсталды. Күдіктілер қырғызстандық студенттер мен өзге де азаматтардың банк шоттарын жалға алып, миллиардтаған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, үш қаскөй шетелдіктердің жолақысын, пәтерақысы мен тамағын төлеп, ұялы телефонмен қамтамасыз еткен. Ал олар азын-аулақ сыйақы үшін өз аттарына ашылған банк карталарын берген. Осы шоттар арқылы алаяқтар онлайн-казино мен заңсыз криптовалюта саудасынан түскен қаражатты айналдырып келген. Дропперлердің қолынан өткен жалпы сома – 3 миллиард 600 миллион теңгеден асады.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктілер түскен қаражаттың 4 пайыз мөлшерінде сыйақы алып, ойыншылардан төлем қабылдауды, ұтыстарды төлеуді және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың табысын криптовалютаға айырбастап, шығарып беруді қамтамасыз еткен. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен 3 автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

← Все новости