Перейти к содержимому
«Еңбек түбі — береке»

«Еңбек түбі — береке»

Ел дамуының тамыры мегаполистерде емес, шалғай ауылдың шеберханасында, алтын дән егілген алқапта және адам жанына араша түсетін шипажайларда жатыр. Бұл деректі фильм — өз кәсібін кие тұтып, адал еңбегімен туған жердің тынысын ашып отырған нағыз маман иелерінің қажырлы өміріне арналған.

Түркістанның өнерлі ұстазы мен Арқаның ақсақал механигінен бастап, Баянауылдың табиғат сақшысы мен теріскейдің ақ халатты абзал жанына дейін — әр кейіпкер «Адал азамат — Адал еңбек — Адал табыс» қағидатының тірі бейнесі. Бұл туынды — қаланың жайлылығын емес, ауылдың берекесін таңдаған, ұлт сапасын көтеруді мұрат еткен алтын қолды жандардың шынайы тарихы.

Telegram WhatsApp VK Facebook X Email
← Все спецпроекты