Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Қосшылықтар қоқыс жинаудың жаңа әдісін көрсетті

Қосшы қаласының тұрғындары қоқыс жинаудың жаңа әдісін тапты. «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акцияға шыққан жергілікті жұрт «плоггинг» әдісін таңдаған. Яғни, қалалықтар жүгіріп жүріп, жол бойындағы қоқысты жинайды. Осылайша салауатты өмір салты мен қоршаған ортаға деген қамқорлықты ұштастырды.

АЗАМАТ ҚАПЫШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Акция тек бір күн емес, екі айдың ішінде, сенбі-бейсенбі күндері осындай абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – тек көшені, ауланы жинау емес, жас буынға үлгі көрсету».

Бір күндік акцияның өзінде қала аумағынан 30 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Игі бастама бір мезетте 1000-нан астам жанның басын қосты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұранды ту еткен тұрғындар әр көшені нұрландырып, қаланың ажарын аша түсті. Өздерін қалалықпыз деп сезінген Қосшының халқы бұл игі істі жай науқан емес, перзенттік парыз санайды екен.

ЫБЫРАЙ ҚАЗАНҒАПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Біз әрдайым өз еркімізбен әр көшеге бөлініп, ақсақалдар көшенің тазалығына көңіл бөліп, тал егіп, жасыл қалаға айналдырамыз деген үндеуіміз бар. Газетке де шығарғанбыз, орталыққа да айттық. Әкімшілікке де хаттар жазғанбыз. Әрқашан осы қаланың гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеміз және қоса береміз».

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар