«Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым». Сыр өңірінде осындай атаумен жалпыхалықтық экологиялық акция өтті. ((ВХОД)) Оның барысында тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен көпшілік зиярат ететін аумақтардың төңірегі абаттандырылды. Бұл игі іске 20 мыңдай адам жұмылдырылды. Бір атаның баласындай қимылдаған жұрт қоршауларды ретке келтіріп, ағаш егіп, жолдар мен арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартты.
ЖҮСІПБЕК ДҮЙСЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Облыс бойынша осы тазалық акциясына қатысып, қол ұшымызды беріп жатырмыз. Бұл тек тазалық акциясы ғана емес, адамның ойы мен бойын түзейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі іс. Өткен-кеткен рухтарға тағзым етуге де ықпал етеді. Осындай акциялар жиі өтсе дейміз.
Бұл күнде өңірде 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген. Оларға жергілікті бюджет пен демеушілердің қаржысына реставрация жасалған. Туристерге ыңғайлы болу үшін инфрақұрылымы да жақсартылып жатыр.
МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Облыста 200-ге жуық киелі жерлер мен қасиетті орындарда 20 мыңнан астам адам сауапты іске қатысуда. Қазақта «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Тарихты сақтау, ата-бабалар рухына тағзым ету — әр азаматтың парызы.
Жанғали