Биыл «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға бюджеттен 230 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, биыл 8 мыңнан астам түлек осы атаққа үміткер. Ал бір дана медальдің құны 27 695 теңге болып бекітілген.
Айта кетейік, былтыр бұл марапаттың бағасы шамамен 16 мың теңге болған еді.
Рамазан Ғалымжанұлы