Мазмұнға өту
· 7 қаралым

«Алтын белгі» төсбелгісінің бағасы белгілі болды

Биыл «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға бюджеттен 230 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, биыл 8 мыңнан астам түлек осы атаққа үміткер. Ал бір дана медальдің құны 27 695 теңге болып бекітілген.

Айта кетейік, былтыр бұл марапаттың бағасы шамамен 16 мың теңге болған еді.

 

Рамазан Ғалымжанұлы

← Барлық жаңалықтар