Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Шетелдік қонақтар «Таза Қазақстанға» таң қалды

Бүгін Ақордаға келіп жатқан мейман көп. Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйым басшыларымен де жүздесті. Ел Президенті саммитке келген қонақтарға ерекше алғыс білдірді. Жалпы кездесуде Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау негізгі қағидат ретінде тайға таңба басқандай жазылғанын атап өтті. Сондай-ақ шетелдік қонақтар «Таза Қазақстан» бағдарламасымен де танысқандарын, оны қолдайтындарын жеткізді.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар