Мазмұнға өту
· 33 қаралым

Тағы бір баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды

Тағы бір бала КамАЗ-дың астында қалып көз жұмды. Бұл жолы қайғылы оқиға Шымкентте болды. 11 жастағы жеткіншек қала шетіндегі Қайнарбұлақ саяжайында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оны ауыр техника қағып кеткен. Отбасындағы 6 баланың екіншісі қарындасымен бірге балмұздақ алу үшін дүкенге шыққан екен. Соққыдан денесі бөлініп, сол жерде жан тапсырған.

Куәгерлер жеткіншектің өзінің жолымен келе жатқанын айтып отыр. Оқушыны қаққан жүк көлігінің жүргізушісі де есеңгіреп қалды дейді куәгерлер. Абай ауданы әкімдігінің коммуналдық мекемесінде жұмыс істейтін жүргізуші қамауға алынып, ауыр техника айып тұрағына қойылған. Полицейлер бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар