Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Әкімнің отставкасы қабылданбады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш берді. Оған себеп те жоқ емес. Өңір басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталып, 6 жылға сотталған еді. Заң бойынша, қол астындағы қызметкері жемқорлық қылмыстарға қатысы бар болып шықса әрі ол дәлелденсе, тікелей басшысы креслосын босатуға міндетті. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сақтағанов өтініш берсе де, отставкасы қабылданбапты. Себебі оның бұрынғы орынбасарының жемқорлық ісіне қатысы жоқ екені ескеріліпті.

← Барлық жаңалықтар