Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Ата-анасы мас: балалар бесінші қабаттан құлай жаздады

Әкесі де, анасы да мас. Теріскейде қараусыз қалған екі бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кете жаздады. Қайта құдай сақтап, терезеге шыққан балаларды полиция қызметкері көріп қалған. Ержан Тамышев сол сәтте жұмысынан үйіне қайтып бара жатқан екен. Еш кідірместен, дереу бесінші қабатқа көтерілген. Үйге кіргенде балалардың әкесі ұйықтап жатыпты, ал анасы дүкенге кеткен екен. Сөйтсе, екеуі де өлесі мас көрінеді. Тексере келе, бұған дейін бұл ерлі-зайыптының бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазір үш жастағы ұл мен төрт жастағы қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

← Барлық жаңалықтар