Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Полиция астаналықтарға ескерту жасады!

Туған күнімді дүркіретіп тойлаймын деп, айыппұл келгенде ойбайлап қалмаңыз. Елорда полицейлері тұрғындарға ескерту жасады. Өйткені мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзатындар жиілеп кетіпті. Сағат тілі түнгі он екіден ауғанда, адамдардың тыныштығын бұзып, отшашу шашып, фейерверк атып, қиқу салатындар көбейген. Ішімдік ішіп, көше кезіп, жұрттың мазасын алғандары аздай, шашқандарын жинамайды екен.

ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тыныштықты бұзу және заңнама талаптарын сақтау заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеміз. Азаматтардан қоршаған ортаға құрметпен қарауын, тазалық сақтауын, қала қонақтарына қолайсыздық тудырмауын сұраймыз.

← Барлық жаңалықтар