Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Кентаудың түлектері білгенін істеген

Кентауда кортеж ұйымдастырған түлектер қалада ойларына келгенін істеген. Мектеп бітіргендеріне қатты қуанған бір топ жасөспірім автошеруде қауіпті маневрлер жасап, оны әлеуметтік желіге жариялаған. Ел-жұртқа мақтанғысы келген жастардың әрекетін полицейлер де көріп қалыпты. Тексеру барысында жол ережелерін өрескел бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айып тұрағына қойылды. Ал шаһар тыныштығын бұзған ұл-қыздар мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

← Барлық жаңалықтар