Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Печеньенің арасына есірткі салып сатады екен

Адамнан айла артылған ба? Балалар сүйсініп жейтін алма пішініндегі печенье естеріңізде болар? Дүкен сөрелерінде елеусіз тұратын тәтті есірткі саудалайтындардың назарына ілініпті. Пысықайлар ақырын ғана білдірмей, кондитерлік өнімнің ортасына психотропты заттарды сірестіріп, интернетте сатып жүр екен. Десе де, қылмыстық топтың бұл әрекеті әшкере болды. Есірткі заттары печенье сэндвичі ретінде көлеңкелі сайттарға шығарылған. Біраз уақыт күдіктілердің ізіне түскен құзырлы орган өкілдері көп ұзамай олардың жайғасқан пәтерін анықтады. Тінту барысында есірткімен араласқан 238 дана кондитерлік өнім тәркіленді. Бір қызығы, әрқайсысының салмағы 100 грамнан асады. Тәртіп сақшылары 5 азаматтың қолына кісен салды. Ұсталғандардың барлығы – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл жолы құзырлы органның назарына психотропты заттарды интернетте сатып, заңсыз кәсіпті жолға қойған азаматтар ілінді. Тіпті, олар Астананың өзінде саудасын дөңгелетіп, пайда табудың түрлі амалдарын тапқан. Жедел іс-шаралардың арқасында полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарымен бірігіп, бас қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде күдіктілерді ұстады. Тінту барысында есірткі заттары тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

← Барлық жаңалықтар