Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Шетелдіктер елден шығарылды

Шекара асып, заңды белден басқан шетелдіктердің әрекетіне тосқауыл қойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырып, тайраңдаған Қытайдың 13 азаматын анықтап, жолын кесті. Тінту кезінде күдіктілерден компьютер, ұялы телефондар, «Starlink» интернет байланысының жабдықтары, сонымен қатар криптоәмияндардан ірі көлемдегі қаражат табылды. Олардың қылмыстық әрекеті шетелден үйлестіріліп отырған.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды. 2026 жылдың 16 қазанында шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылды.

← Барлық жаңалықтар