Алматыда тапанша ұстап көше кезген әйел ұсталды. Кешқұрым Райымбек даңғылында ерсілі-қарсылы жүрген келіншек полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Іс-қимылы күдік туғызған соң, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тінту жүргізген. Сөйтіп, одан тапанша мен бес оқ тәркілеген. Ал күдікті болса оларды Есентай өзеніне түсетін бетон қоршаудың үстінен тауып алғанын айтып ақталыпты. Тәртіп сақшылары қарудың шын мәнінде қайдан алынғанын анықтап жатыр.