Жалған құжатпен Қазақстанға кірмек болғандар құрықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйек пен қазанда 19 шетел азаматын ұстапты. Олар Астана мен Алматының әуежайларында қолға түскен. Құқық бұзушылардың көбі қолдан жасалған визаларды қолданған. Кейбірі бөгде адамның анықтау деректері көрсетілген бланкілерді пайдаланыпты. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Ал жыл басынан бері шекарада осындай 358 дерек анықталған.