Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Субсидияның ақшасына үй салып алған

Егін суару жүйесінің орнына зәулім үй. Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер мемлекеттен 251 млн теңге субсидия алып, оған өзіне баспана сатып алған. Оның бұл былығын Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі. Бас пайдасын көздеген адам өзінің бақылауындағы екі бірдей компанияны пайдаланып, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына су үнемдейтін суару жүйелерін саламын деп мемлекеттен ақша алған. Ал демеуқаржыға қол жеткізу үшін жалған құжаттар өткізіпті.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілерін ұсынған. Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Ал қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алған. Сот оның бұл мүлкіне тыйым салды. Тергеу жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар