Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Полицейлер енді аспаннан қарайды

Полицейлер дрон басқаруды үйреніп жатыр. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұшқышсыз аппараттарды меңгеру бойынша арнайы дайындықтан өтіп, заманауи технологияларды күнделікті қызметке енгізуге кірісті. Бұл жаңашылдық тәртіп сақшыларының жұмысын едәуір жеңілдетіп, жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады. Яғни қылмыскерлердің ізін суытпай әуеден-ақ анықтап, тасқараңғыда жоғалған адамдарды тауып, сондай-ақ қиын аумақтарды қысқа уақытта шолып шығуға мүмкіндік туады.

РОЛЛАН МОЛДЫБАЕВ, ҚР ІІМ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС КРИМИНАЛИСІ:

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Жедел-криминалистикалық департаменттің базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелердің оқу-жаттығу зертханасы ашылды. Біздің міндетіміз – заманауи технологияларды күнделікті қызметте сенімді әрі тиімді пайдаланатын мамандарды даярлау.

← Барлық жаңалықтар