Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Кальян сататын кафе, мейрамханаларға қатаң ескерту жасалды

Шымкентте кальян сататын кафе, бар, мейрамханаларға тықыр таянды. Енді әлеуметтік желідегі парақшаларынан қор-қор өнімдеріне қатысты кез келген жарнама толықтай жойылуы тиіс. Бұған мәзірдегі жазбалар, баннерлер мен сыртқы жарнамалар да кіреді. Қалалық бақылау органдары тексерісті күшейтіп, бизнес нысандарын қатаң қадағаламақ. Талапты орындамаған кәсіпкерлерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ прокуратура мен уәкілетті органдар ғаламторды тұрақты түрде бақылап отыратынын мәлімдеді. Ереже бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қабылданады.

← Барлық жаңалықтар