Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Түрмеден қашып кетті

Абай облысында түрмеден қашып кеткен қылмыскер ұсталды. Адам зорлау фактісі бойынша қамауда отырған 31 жастағы Талғат Шәкеновтен погондағылар серуендеу уақытында көз жазып қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде сотталушы көп ұзамай қолға түсті. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір айдың-күннің аманында жазасын өтеушіден айырылып қалғандардың әрекеті бойынша қызметтік тексеру басталыпты.

ЛУНАРА МҰҚАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

2021 жылы бұл сотталғанға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ағымдағы жылдың маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғанына байланысты жазасын өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Серуендеу кезінде сотталған уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен.

← Барлық жаңалықтар