Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Қарбыздың арасында есірткі өсірген

Қарбыздың арасына есірткі жасырған. Ауласына бау-бақша еккен жергілікті тұрғын көкөністің арасына анаша өсіріпті. Әбден сатуға дайындап қойған заңсыз өнімдерді шымкенттік полицейлер тауып алған. Қазір күдіктінің үстінен екі баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, өткізу ықтимал арналары және заңсыз сызбаға қатысты бар тұлғалар анықталуда.

← Барлық жаңалықтар