Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Никаб тағамын деп, полицияға ұсталып қалмаңыз

Ақтөбелік сақшылар никабпен бет-аузын тұмшалағандарды тоқтатып, қоғамдық орындарда киім кию тәртібін түсіндіріп жатыр.

Полицейлердің дерегінше, жаңа норманың негізгі мақсаты — қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

Елімізде балаклава, бетперде, никаб секілді бетті толық жабатын киімдерге тыйым салынған.

Бірақ бұл шектеудің бет-жүзі ашық болатын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді діни киімдерге қатысы жоқ.

Яғни аталған талап азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығына ешқандай нұқсан келтірмейді.

Сондай-ақ қолайсыз ауа райы, медициналық көрсеткіштері немесе қызметтік не еңбек міндеттерін орындау барысында бетін тұмшалаған қазақстандықтарға бұл норманы бұзуға рұқсат.

← Барлық жаңалықтар