Мазмұнға өту
· 18 қаралым

VIP-клиенттерге есірткі сатқан топ қолға түсті

Сұраныстың барын біліп, есірткі сатуға әбден машықтанған.

Алматы облысында психотропты заттарды дайындайтын астыртын зертхана табылды.

Талай жанның өмірін ойран қылған заңсыз кәсіптің иесі есірткіні өсіру жолдарын жатпай-тұрмай зерттеген екен.

Тіпті бұл сұрқия істің ұңғыл-шұңғылын жетік білетін адамдардан кеңес алу үшін шетелге бірнеше рет барып, елге арнайы құрылғылар алдыртыпты.

Полицияның дерегінше, кәдімгі жеке сектордағы ауқымды зертханада есірткінің түр-түрі өндіріліп, VIP-клиенттерге жеткізіліп келген.

Арнайы рейд кезінде жертөледен 27 келі дайын өнім, 29 түп қарасора тәркіленген.

Сондай-ақ 3 млн теңге қолма-қол ақша мен еш жерде тіркелмеген қару табылыпты.

Ал мұның барлығын ұйымдастырған 40 жастағы жігіт екен.

Күдіктінің сыбайластары да ұсталып, тергеу изоляторына жабылды.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Қарасора операциясы аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп, есірткіні заңсыз өндірудің толық циклін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық топ құрамында есірткісі бар өсімдіктерді жасырын өсіруден бастап, дайын өнімді VIP санатты клиенттерге өткізуге дейінгі барлық кезең жүзеге асырылған.

← Барлық жаңалықтар