Былапыт сөйлеп, басы дауға қалды.
Алматыда хайп қуған блогер қамауға алынды. Полицияның қырағы назарына ер адам әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы ілінген. Ол жұрттың назарын өзіне аудару үшін аузына келгенін айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Дереу мониторинг жүргізген тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтап, үстінен әкімшілік іс қозғаған.
36 жастағы жігіт 15 тәулікке қамауға алынды.
Осы орайда құқық қорғау органдары жоқ жерден танымал болғысы келіп, шектен шығып, әдепсіз әрекет жасағандарға жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Маржан Нүсіпбек