Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Жас қыздың жалаңаш видеосын желіге таратқан

Жетісу облысында ер адам жасөспірім қыздың жалаңаш видеосын таратқан. Қазір 22 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмағандармен танысып, олардың сеніміне кіріп, сезімдерін оятып, кейін ақша бопсалап қорқытады екен. 20 мың теңге үшін жас қыздарға психологиялық қысым жасап, қолындағы фото-видеоларды әлеуметтік желідегі жасырын арналар арқылы таратып, пайдаға кенеліп жүрген. Полиция күдіктіні бірден анықтап, тергеу изоляторына қамады. Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар