Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Камаздар айыптұрағына қойылды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қолданылған 115 жүк көлігі мен 10 арнайы техника айыптұрағына қойылды.

Жалпы, соңғы бес айдың қорытындысы бойынша өңірде қазба байлыққа заңсыз қол салған 125 құқық бұзушылық анықталған.

Келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асып жығылған.

Қазір бұл құжаттардың барлығы экология департаментіне жолданыпты.

Түркістан облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, кен орындары мен заңсыз қазба жүргізілетін аумақтан шығатын ауыр көліктерді бақылау үшін бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталыпты.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар