Жұмадан бастап Ақтөбенің трассасында орташа жылдамдық бақыланады.
Атап айтқанда, Ақтөбе-Астрахань-Атырау тас жолының Ақтөбе мен Қандыағаш арасындағы бағытына бейнебақылау камераларын қондырып жатыр.
«ҚазАвтоЖол» көлік апатының алдын алу үшін осындай қадамға барыпты.
Тек биылдың өзінде дәл осы трассада 24 оқиға тіркеліп, 13 адам қаза тапқан.
Әрі сол қайғылы жағдайларға көбіне жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болыпты.
Полицейлер жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
ЕРКІН ӨТЕГЕН, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Осы белгіленген уақыттан ерте келетін болсаңыз, осы аралықта сіздің көлік иеңізге айыппұл мобильді қосымшалар арқылы келетін болады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың денсаулығын сақтап қалу және жүргізушілердің мәдениетін қалыптастыру мақсатында салынып жатыр.