Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Шетелдіктер Қазақстаннан жанармай әкетпек болған

Канистрді қойып, жасырын бактарды толтырып алған. Елімізден жанар-жағармай ұрламақ болған 195 шетелдік азамат жазаланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство дерегінше, осындай әрекетпен айналысқандардың арасында 60 қазақстандық та жүр екен. Бәрі көліктеріне қосымша бактар орнатып, сол арқылы шетке бензин тасымалдамақ болған. Олардың жолын кесу үшін шекаралардағы көлік өткізу пункттерінде арнайы тексеріс жүргізіліпті. Ұсталғандардың бәрі заң аясында жауапкершілікке тартылып жатыр.

← Барлық жаңалықтар