Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 128 қаралым

Әйелдерді балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

Елордада бір күнде үш рет заң бұзған қала тұрғыны 10 тәулікке қамалды.

Елордада тәртіп сақшылары бір күнде үш рет заң бұзған қала тұрғынын ұстады. Ішіп алған күдікті алдымен қоғамдық көлікте жолаушы әйелді балағаттапты. Одан қалды, автобустан түсе салып, аялдамада тұрған тағы бір келіншекпен сөзге келіп, оның да намысына тиетін сөздер айтқан. Осыдан кейін ол жол бойында келе жатқан велосипедшімен жанжалдасып, оның көлігін тартып алып, лақтырып жіберген. Зардап шеккен үш азаматтың шағымынан кейін құқық бұзушы мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамалды.

← Барлық жаңалықтар