Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Бұлақ көрсең – көзін аш!

Ақтөбенің Маржанбұлақ ауылында тұратындар бір марқайып қалды.

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында елді мекен шетіндегі бастаудың айналасы абаттандырылды.

Игі істің басы-қасында жүргендер осында келушілердің жақсылап тынығып, ерекше әсер алуына аса мән беріпті.

Баспалдақ орнатып, жаяу жүргіншілерге арналған жол төсеген.

Бұлақтың айналасын табиғи таспен әрлеп, жан-жағына орындықтар қойған.

Аптап ыстықта адамдарға сая болсын деп күннен қорғайтын шатыр орнатуды да ұмытпапты.

Жобаға демеушілер қолдау көрсеткен.

Мұндай жұмыстар Маржанбұлақта ғана емес, өңірдегі тағы 14 бұлақта атқарылып жатыр.

Тазалық акциясына жастар да үлесін қосуда.

ЖАНАТ ТЕЛАҒЫС, МАРЖАНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көптен армандаған бұлағымыз, осыған дейін көзіміз ашып келдік, бірақ дәл мынадай болғанын көрген жоқпыз. «Таза Қазақстан» акциясы көп ой салды. Бұлақ таза болса, көңіл таза болады, бірлігіміз таза болсын, бір-бірімізге деген сеніміз, еңбегіміз таза болсын.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар