Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Екі онлайн казиноның жұмысы тоқтатылды

Заңсыз жұмыс істеп, қаржы айналымын 3 млрд теңгеден асырған.

Қулық-сұмдықпен тапқан қыруар ақшаға бірнеше автокөлік, пәтер және үйі бар екі жер телімін сатып алып, жалғанды жалпағынан басып жүрген.

Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті Bingo-37 және Lotoboom атты екі онлайн казиноның жұмысын тоқтатты.

Ведомствоның мәліметінше, ым-жымы бір бірнеше адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 2023-2025 жылдар аралығында күмәнді кәсіптерін әбден дөңгелетіпті.

Саланың ұңғыл-шұңғылын жетік білген қулар 15 шақты дроппердің атынан шот ашып, ойыншылардан ақша қабылдап және аударып отырыпты.

Осылайша қаржы айналымын 3,1 млрд теңгеден асырған.

Оның 2,6 млрд теңгесін ұтыс ретінде төлесе, қалған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қазіргі таңда тергеу аяқталып, күдіктілердің жалпы құны 214 млн теңге болатын мүлкі бұғатталған.

Ал іс сотқа жолданыпты.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар