Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Хирург науқастарды алдап, қыруар қаржыны қалтасына басқан

Гиппократ анты жайына қалып, қулық-сұмдықпен байымақ болды.

Атырауда арам жолмен әмиянын қалыңдатқан хирургтың қулығы әшкереленді.Ол варикозды мемлекет тегін емдейтінін біле тұра, оны жасырып, пациенттердің қалтасын қағып келген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, білікті маман 42 адамға ота жасап, 8 млн теңгені жеке есепшотына аудартқан. Ал шынтуайтында бұл ем үшін науқастар бір тиын да төлемеуі тиіс еді. Әккінің қулығы мұнымен шектелмейді.

Операция біткен соң науқастарға тегін медициналық қызмет көрсетілді деген мәліметті DamuMed жүйесіне енгізіп, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан өзі жұмыс істеген екі клиникаға 14 млн 800 мың теңгеден астам қаржы жіберткен. Сөйтіп, екі жеп биге шығыпты.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұдан бөлек, оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алған фактілері де анықталды. Күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар