Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Суррогат аналарға қатысты заң күшейді

Президент суррогат ана қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерге қол қойды.

Енді қазақстандық суррогат аналар шетелдіктерге бала туып бере алмайды. Президент «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды. Оған сәйкес, аталған қызмет бұдан былай тек Қазақстан азаматтығы бар ерлі-зайыптыларға қолжетімді. Ал шетелдік тұлғалар бұл көмекті пайдалана алмайды.

Сондай-ақ өзгертілген заң бойынша осылай басқа құрсақтан бала сүюді көздейтін жандар денсаулығын бастан-аяқ тексеріп, медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Қаржы жағдайы да тұрақты болуға тиіс. Яғни тапсырыс берушілер суррогат ананың жүкті кездегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі шығындарын толық өтейді.

← Барлық жаңалықтар