Енді қазақстандық суррогат аналар шетелдіктерге бала туып бере алмайды. Президент «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге қол қойды. Оған сәйкес, аталған қызмет бұдан былай тек Қазақстан азаматтығы бар ерлі-зайыптыларға қолжетімді. Ал шетелдік тұлғалар бұл көмекті пайдалана алмайды.
Сондай-ақ өзгертілген заң бойынша осылай басқа құрсақтан бала сүюді көздейтін жандар денсаулығын бастан-аяқ тексеріп, медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Қаржы жағдайы да тұрақты болуға тиіс. Яғни тапсырыс берушілер суррогат ананың жүкті кездегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі шығындарын толық өтейді.