Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Бір топ жігіт жұртты қорқытып, ақша тапқан

Ақтөбеде бір топ жігіт қала тұрғынына қоқан-лоқы көрсетіп, ақшасын тартып алған. Олар жәбірленушіге «бізге қарызың бар» деп қысым жасап, тіпті несие рәсімдеуге және депозитіндегі қаражатын толық шешіп беруге мәжбүрлеген. Осылайша, олар жәбірленушінің 700 мың теңгесін алып, іздерін суытқан. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер жеті күдіктіні анықтап, қолдарына кісен салды. Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Олардың мұндай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар