Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Бойжеткен көлікпен аулаға кіріп кетті

Жүргізуші куәлігі жоқ бойжеткен түннің бір уағында көлікпен аулаға баса-көктеп кіріп кетіп, адамды мүгедек қылды. Сұмдық оқиға Алматы облысында Көксай ауылында болған. Сол сәтте бірнеше адам қаннен-қаперсіз туған күнді тойлап отырыпты. Жәбірленушілердің жақындарының айтуынша, апаттан екі әйел қатты зардап шеккен. Бейнежазбада біреуінің қабырғасы сынып, көп қан жоғалтқан екіншісінің аяғынан айырылғаны айтылады. Оқиғаның жай-жапсарын білу үшін облыстық полиция департаментіне сұрау салған едік. Әзірге еш мәлімет ала алмадық.

← Барлық жаңалықтар