Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Заңсыз ет сатқандар ұсталды

Асымыз адал, жегеніміздің жұғымды болсын деп жүргенде астаналық тұрғынның әрекеті жаға ұстатты. Елордалық полицейлер етті қалай болса солай сақтаған астыртын цехтың үстінен түсті. Ол жерде 3 тоннадан астам ет табылған. Ең сорақысы — бұл нысан заңсыз жұмыс істеп келген, ешқандай құжаты болмаған. Ет температура режимі бұзылған антисанитариялық жағдайда сақталған. Шыбындар қонып, біразы бүлініпті. Бір сөзбен айтқанда, тұтынуға жарамсыз, тіпті қауіпті болған. Соған қарамастан дайындалған күмәнді өнімдер қаладағы бірнеше дүкен мен дәмханаға жеткізіліп отырған. Қазіргі таңда заңсыз бизнесті дөңгелеткен цех иелеріне шара қолданылған.

← Барлық жаңалықтар