Мазмұнға өту
· 28 қаралым

Пойызда жолаушы қайтыс болды

Ақтөбеден Атырауға келе жатқан пойызда ер адам көз жұмды. Тексеру кезінде оның билетсіз отырғаны анықталыпты. Жолсерік көзін жұмып, рұқсат бере салған көрінеді. Ал жолшыбай жолаушының жағдайы күрт нашарлап, өзіне келместен қайтыс болған. Онсыз да сыннан көз ашпай келе жатқан «Қазақстан темір жолы» компаниясы дереу қызметтік тексеріс жүргізіп, екі жолсерік пен пойыз бастығын жұмыстан шығарып жіберіпті. Бұдан бөлек, Ақтөбе учаскесінің бастығы мен өндірістік оқыту нұсқаушысына қатаң сөгіс берілген. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның ажалы екіжақты пневмониядан болуы мүмкін деген болжам бар.

← Барлық жаңалықтар