Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шуда қарасора өсіретіндер көп

Шу ауданында қарасора егетіндер көп.

Маусым айынан бері құқық қорғау органдары осындай есірткі өсімдігін өсіретін ондаған алқапты анықтаған. Заңсыз айналымға тосқауыл қоюға бағытталған ауқымды операция барысында дрондар, тікұшақтар және жерді ғарыштан бақылайтын технология қолданылыпты. Бұдан бөлек, қызметтік иттер автожолдар мен теміржолдарды тәулік бойы жіті бақылаған. Нәтижесінде 90 қылмыстың жолы кесіліп, 550 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіпті.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қарасора» операциясы есірткі қылмысына қарсы күрестегі тиімділігін дәлелдеуде. Заманауи технологиялар мен кешенді шаралардың арқасында қойылған міндеттер нәтижелі орындалуда. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

← Барлық жаңалықтар