Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Ұлттық құрама мүшесі қамауға алынды

Жойылып кету қаупі бар жыртқыш құстарды заңсыз иемденіп, пайдаға кенелмек болған. Қарағанды облысында Қазақстан құсбегілік федерациясының және ұлттық құраманың мүшесі қамауға алынды. Ол үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, күдікті аңшылық құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram парақшасын жүргізген. Осылайша табиғи мекендейтін ортадан заңсыз алынған қанаттыларды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан көрінеді.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс анықталып, тәркіленді. Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.

← Барлық жаңалықтар