Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Хайп қуамын деп опық жеді

Соңғы уақытта еліміздің түкпір-түкпіріндегі түрлі жол апаттары мен адам өлімі тұрғындарға сабақ болмаған сыңайлы. Тағы бір есірген жүргізуші көшеде жүйткимін деп көлігінен айырылды.

ЖҮРГІЗУШІ:

Мен Әбілхайыр хан көшесінде заң тәртібін бұзғаным үшін Ақтөбе тұрғындарынан кешірім сұраймын. Келесіде қайталанбайды.

Өзін Формула-1 пилоты әйгілі Михаэль Шумахер сезінсе керек, тізгінші Ақтөбенің басты даңғылдарының бірінде жылдамдықты шамадан тыс асырған. Онымен қоймай, «ызғытып» бара жатқан видеосын интернетке жүктеп, лүпіл жинап, шоу жасамақ болған сияқты. Ал әлеуметтік желіні тәулік бойы бақылап отыратын тәртіп сақшылары бұзақыны көп ұзамай-ақ тауып алды. Полицейлер есірген тізгіншінің бір басына 14 әкімшілік хаттама толтырды. Онымен қоса, «хайп қуған» жүргізушінің темір тұлпары айыптұрағына қойылды.

← Барлық жаңалықтар